Спорт • 06 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен Қазақстан кубогы өтті

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласындағы Спорт сарайында  қазақ күресінен кәсіби клубтар арасында республикалық кубок жарысы аяқталды.

 

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен Қазақстан кубогы өтті

Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысып, спортшыларға табыс тіледі.

«Өңірде «Тұлпар» ат және қазақ күресінен «Қызылжар арландары»  кәсіби клубтары жұмыс істейді. Заманауи теннис орталығы пайдалануға берілді. М. Жұмабаев, Уәлиханов аудандарында  спорт кешендері ашылды», деді Марат Иманбайұлы.

Қазақ күресі  федерациясының бас хатшысы Бақдәулет Сәбитов,  Петропал қаласының құрметті азаматы Бауыржан Құлжанов  өз сөздерінде  қазақ күресіне және  ұлттық спорттың дамуына тиісті деңгейде қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап өтті.

Жарыс бағдарламасына сәйкес  клуб өкілдері жеті салмақ бойынша белдесіп,  боз кілемге бірінші болып «Нұр-Сұлтан қаласының «Астана батыры» мен Алматының «Қазақ күресі» командалары шықты. Алматылықтар айқын басымдықпен  ұтты. Қарағандылықтар  елордалықтарды 7:0 есебімен тізе бүктірді.  «Қызылжар арландары»  қарағандылықтарды жеңді.

 Жалпы командалық  есепте жамбылдықтар бірінші, алматылықтар екінші, алаң иелері үшінші орынлы иеленді.

Солтүстік Қазақстан облысы